Сыраны пластик ыдыспен сатуға рұқсат етті

«Атамекен» ҰКП бастамасымен ҚР «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына өзгерістер енді.
Еске сала кетейік, 2014 жылы облыс кәсіпкерлері салық органдары тарапынан заңға сәйкес пластик ыдыстардағы алкоголь айналымына тыйым салынатыны туралы хат алған.pivo
Хат түсініктемелік сипатта жазылғанына қарамастан, көбікті сусын өндіретін кәсіпкерлер мен сауда нүктелерінің басшылары Кәсіпкерлер палатасына шағымданды. Өйткені, көптеген дүкендерде сыраның 80%-ы тек құйылмалы түрде сатылады, ал аталған заңның нормалары бизнесті үлкен шығынға ұшырату қаупін туғызады.
Палата сарапшылары жағдайды жан-жақты зерттей келе, тыйым салу шарасы  өндіріс ошақтарында пластикпен қапталған алкоголь сусынына қатысты болу керек деген пікірге келді. Ал, дүкеннен пластик  бөтелкелерін сатып алып, оған сыра құйып алу заң бұзушылыққа жатпайды. 
«Біз алдағы уақытта сатушыларға қатысты  санкциялар мен заң нормаларының түсіндірмесінен қайшылықтар тумас үшін заңға өзгертулер енгізу жөнінде бастама көтердік. Атап айтқанда, «алкоголь өнімін сатып алу» мен «құйылмалы» деген сияқты ұғымдарды енгізуді ұсындық. Аталған өзгертулерді Ұлттық кәсіпкерлер Палатасы ҚР Парламенті Мәжілісіне жолдады және ол өткен жылдың соңына қарай қабылданды.Соған сәйкес  заңның 9- бабында құйылмалы сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімінің пластик бөтелкедегі айналымына тыйым салынатыны көрсетілген. Яғни,  кәсіпкердің алаңдауы негізсіз», – дейді облыстық  кәсіпкерлер Палатасының құқықтық бөлім бастығы Ренат Дәулетбаев. 
 
                
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓