Балуандар біріншілігі қалай өтті?

Қостанайда еркін күрестен жасөспірімдер мен қыздар арасында XI халықаралық турнир аяқталды. Байрақты бәсеке Қазақстандағы еркін күрестің негізін қалаған  Петр Матущактың құрметіне арналып өткізілді. Жарысқа еліміздің барлық облыстарынан, сондай-ақ, Шешен Республикасы мен Саха-Якутиядан, Кемеров облысы мен  Солтүстік Кавказ федералды округінен (Дағыстан), Ресейдің  Екатеринбург, Челябі қалаларынан алпыстан астам команда және 550 балуан қатысты. Әр салмақ дәрежесінде 50-60 спортшының болуы – турнирдің жоғары деңгейде өткендігінің дәлелі.IMG_4254
Облыс қоржынына алғашқы медальді Бақытбек Мусин салды. Ол 46 келіде Алматы облысы мен Саха-Якутия Республикасының еркін күресшілерін артқа тастаған. Дегенмен, алтын үшін өткен айқаста жерлесіміз тағы бір якутиялық Константин Капрыновтан айласын асыра алмады. 54 келідегі кадеттер арасындағы әлем чемпионы Алексей Копылев техникалық шеберлігімен жұртшылықты өзіне қарата білді. Алексей осы салмақтың басты «көзірі» саналған астаналық Ілияс Аманжолов ұтты.IMG_4337
Төрешілердің пайымдауынша ақтөбелік Мұратбек Мәжитов пен жамбылдық Нұралы Сәденнің арасындағы финал тартысқа толы, «үздік бәсеке» санатында болды. 69 келінің мықтысын анықтаған осы белдесуде аз ғана басымдықпен Мәжитов жеңіске жетті.IMG_4229
Ауыр салмақтардағы  күресте Алматы қаласы спортшыларының бағы жанды. 85 келіде Абылай Совет керекулік Ефим Труштың жауырынын жерге тигізсе, абсолюттік (100 кг) салмақта Әлішер Ерғали Алматы облысынан келген Әділ Ботабекті жеңді.
Қостанай қаласының намысын қорғаған жас балуан Рахат Мүкібаев алтын алса, үздіктер қатарын Тагир Авгумбаев та толықтырды. Оның нәтижесі – қола. IMG_4222
Екі күнге созылған турнир барысында қостанайлық балуан қыздар да жақсы өнер көрсетті. Атап айтсақ, Виолетта Семенюкалтын, Алиса Заднепрянная мен Ботагоз Есенгалиева – күміс, Альбина Күлесова мен Әйгерім Беркенова – қола медальді еншіледі.IMG_4273
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓