«Жайдарманшы» балалар

Қостанай қаласындағы №14 бөбекжай-бақшасының балаларынан құралған «Бауырсақтар» жайдарман тобы республикалық маусымашар фестиваліне қатысып келді. Фестиваль 24-30 қаңтар аралығында Астана қаласында өткен болатын. Балалардың қазақша КВН-ге деген қызығушылығын топтың жетекшісі Азамат Сейткерей айтып берді.  t4g6JZIJqoo
-Сұхбатымызды топтың құрылу тарихынан бастасақ.
-Жоғары оқу орнын бітірген соң Қостанайдағы №14 балабақшаға дене шынықтыру пәнінің нұсқаушысы болып жұмысқа тұрдым. Мерекелік іс-шараларда өнерге бейімі бар балалар көзге оттай басылды. Шіркін, кішкентай бүлдіршіндер де «Жайдарман» ойындарына қатысса деген ой келді. Көкейдегі ой көңілден шықты, осылайша 2014 жылғы 14 қаңтарда топ құрылды. Атын «Бауырсақтар» деп қойдық. Себебі біз астықты аймақ, дәнді өлкенің тұрғындарымыз. Балалардың іс-қимылы, сөйлеген сөздері бауырсақтай тәтті болсын деген ниет еді. Топта алғашқы жылдары сегіз бала өнер көрсетті. Ересек тобының балалары мектеп жасына келгендіктен балабақшамен қоштасып, 1 сыныпқа кетті. Біз қалған балалармен ойынды жалғастыра бердік. Топтың құрамында ұлдар да болған. Іріктеле келе қалғаны осы төрт қыз. Майра Раисова 4 жаста , Сәния Раисова 3 жаста, Настя Тейш 6 жаста, Дарья Тейш 5 жаста. EMVJeq-e2ZE
FBMtECJeFtwТопқа тақпақты мәнерлеп айтатын, берілген тапсырманы орындайтын балаларды алдым. Қазір сол еңбегіміздің жемісін көріп жатырмыз. Жетістіктеріміз де баршылық. Қостанай облыстық "Жайдарлы Жас Ұлан" лигасында 3 орын және "Рудный қаласы әкімі кубогінің" иегеріміз. Республикалық және облыстық «Жайдарман» ойындарына қатыстық. «Жайдарманның» былтырғы маусымашарына үш жүзге жуық топ жиналды. Солардың арасында біз де болдық. Республиканың аудан, қалаларынан келген кіл жүйріктер іріктеліп, үздіктері «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Жайдарман» ойындарының телевизиялық жобасына өтті. Біздің тобымыз телевизиялық жобаға үш рет түсті. «Бауырсақтардың» ойынын Ұлттық арнадан және «Балапан» телеарнасынан көрсетті. 
-Кішкентай балалардың көңілін табу оңай емес шығар?
-Солай. Бәрі бір-бір үйдің еркелері. Әрқайсының өздеріне тән мінездері, қылықтары болады. Соның бәріне төзіп, еркеліктерін көтере білу керек. Таяқтың екі ұшы болатыны секілді Кез келген нәрсенің қиындығы мен қуанышы бар. Дайындық кезінде ата-аналары болса, қылық көрсетіп еркелейді. Сондықтан дайындықты ата-анасыз, тәрбиешісіз өткізген жақсы. Сценарийді, әзіл-қалжыңды «Жайдарманның» басы-қасында жүрген жолдастарыммен бірге жазамыз. 
Әзілді балалардың жасына келетіндей етіп икемдейміз. Дайын сценарийді ата-аналардың қолына табыстаймын. Әр баланың сөзін жеке-жеке бөліп, түсіндіремін. Оны жаттап келуді ата-аналарға тапсырамын. Дайындыққа келгенде бәрі реттеледі. 
Республикалық фестивальде топтарды сахнаға кезек бойынша шығарады. Біз кезектің соңына қалып қойсақ балалар күтуден шаршайды, жалығады. «Анам қайда? Анама барамын немесе далаға шығамын» деген әңгімелер айтыла бастайды. Ондай кезде «қазір сахнаға шығамыз, кезегіміз келіп қалды» деп алдаусыратамын. Gzgu0Fy9bvAОлар – әлі бүлдіршіндер. Сахнаға қалай шығу керек, көрерменнің алдында қалай тұрып, сөйлеу керектігін білмейді. Микрофонды дұрыс ұстауды да үйрету керек. Сахнаға алғаш шыққанда балалар микрофонға таласып, көрерменді күлдіргені бар. 
Баламен бала болып сөйлесу керек. Олардың тілін табу қиын. Сонда ғана айтқан сөзді ұғып, ақылыңды алады.  Телевизиялық жобаларға қатысар алдында «Біз жақсы ойнасақ теледидардан көрсетеді. Сахнада дұрыс тұрмасаңдар, сөздеріңді ұмытып қалсаңдар туыстарың ренжиді» деймін. Олар берілген сөзді тақылдап айтуға тырысады.
-Сахнада болған қызықты сәттер есіңізде ме?
-Астанадағы фестивальде өнер көрсету үшін сахнаның сыртында тұрғанбыз. «Жайдарман» ойындарының президенті Есен Елеукенді сыртынан көрсетіп «анау кісі «Жайдарманның» Президенті, амандасуды ұмытпаңдар» деп үйретіп қойғанмын. Сол-ақ екен Есен ағамыз біздің балаларды «Қостанайдың тәтті бауырсақтары келді» деп бізге жақындап, суретке түспекші болды. Жамырай амандасқан балалардан «мен кіммін?» деп сұрамасы бар ма. Балалар бір ауыздан «Сіз – Президентсіз, Назарбаевсыз деп жауап берді. Сол қызықты сәт әлі күнге есте. 
Былтырғы жылы Астанадағы республикалық маусымашарға барғанда,  телевизиялық жобаға іріктеу жүріп жатты. Біз өз кезегімізде сахнаға шығып өнер көрсеттік. Көрермендер балалардың қылықтарына күліп, таң қалысып, тамсанды. Ойын аяқталған соң балалар бірінен соң бірі қызулатып, тамақ ішпей қойды. Не істерімізді білмей шыр-пыр болдық. Арамызда балалармен еріп барған әжеміз бар-тын. Сол кісі «көз тиді» деген қазақша диагноз қойды. Сол күннен бастап балалардың киімдеріне жылтырақ түйреуіштер тағып қоятын болдым. 
Балалар мені Азамат ағай дейді. Ашуланғанда немесе еркелегенде «сен» деп сөйлейтіндері бар. Оның өзі бір қызық. 
-Көпшіліктің алдында өнер көрсету балалардың өздеріне ұнай ма?
– Балалар сахнаға шыққанды, құрмет-қошемет естігенді ұнатады. Көрермендер көбірек қол соқса балалар да мәз. Ата-аналары да қарсы емес. «Жайдарман» ойындарын балабақшаның ұжымы алғашында түсінбеген еді. Облыстық фестивальге қатысып сахнадан көрінген соң бізді қолдады. Ата-анасының мақтанышына айналып, балабақшаның атын шығарып жатсақ жақсы емес пе. 2oCVJj-th2IБұл балалар үш жастарынан бастап көпшіліктің алдына шығып жүр. Сахнаның киелілігін осы бастан түсініп өссе болашақта үлкен көмегі болады. Балалар биіктерден көрінсе, облыстың атын шығарса деген арман-тілек бар. «Жайдарманның» сахнасынан басқа телевизиялық жобаларға қатысса деп армандаймын. Жергілікті телеарнадан сұраныс келді. Ол алдағы күннің еншісінде. Жаңа жобаны уақытында көре жатарсыздар.YwmKoIUr5CcТобымыздағы Настя мен Дарья қазақшаға судай. Олардың ата-аналары мемлекеттік тілді білмесе де, балаларының үйренгенін қалайды. Сондықтан мемлекеттік тілдегі балабақшаны таңдады. Балақайлар «Жайдарманға» қатысып қазақша әзіл айтады. «Тәрбие – тал бесіктен» деген бар емес пе. Бүгінгіше айтқанда «Тәрбие – балабақшадан басталады». 
Біздегі бір әттеген-ай, демеушіміз жоқ. Республикалық фестивальдерге облыстың атынан қатысып жүрміз. Басқа қалаларға баруға балалардың бәрінің бірдей жағдайлары келмейді. Сондықтан жол ақысы, жүріп-тұруы шығындарына демеуші табылса жақсы болар еді.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓