Бармасаң, келмесең – жат боласың
Жуырда облыс делегациясы жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барып қайтты. Негізгі мақсат – «Тобыл» ӘКК арқылы астықты өңірдің мүмкіндіктерін жан-жақты таныстырып, инвестиция тарту болып отыр.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Арман Әлиев ҚР және РФ арасындағы іскерлік жағдайда өткен « ресейлік-қазақстандық инвестициялық диалог: қарым-қатынастықтың жаңа мүмкіндіктері» конференциясына қатысты.
Маңызды іс-шараны Ресей Федерациясының сауда-өнеркәсіп палатасы, Қазақ Республикасының елшілігі, еліміздің сауда өкілдігі және ішкі сауда палатасы ұйымдастырды.
Инвестициялық пікір алмасу барысында Қазақстан мен Ресейдің ең тиімді он екі инвестициялық жобасының тұсауы кесілді. Сондай-ақ, ЕАЭО шеңберіндегі ресейлік-қазақстандық ықпалдастықтың негізгі бағыттары, бірлескен жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндіктері мен проблемалары талқыланды.
Іс-шара кезінде Арман Әлиев Ресейдегі Қазақстан елшілігінің кеңесшісі-өкілі Болат Иманбаевпен, ҚР сауда өкілдігінің кеңесшісі Дамир Әділбековпен инвестиция тарту саласы бойынша, бірқатар жобаларды жүзеге асыруға ниетті бизнес өкілдерін тартуға қатысты әңгімелесті.
Сонымен қатар, ресейлік «Бірлескен машинақұрылысы зауыты» компаниясының және «Газпромбанк» АҚ өкілдерімен екі жақты кездесу өткізді. Онда Қостанай облысынының тау-кен өндірісі саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асырудың мүмкіндіктері қарастырылды.
Құрылыс саласы бойынша ТМД-дағы жетекші компаниялардың бірі – «РЕКОН» Компаниясы Тобымен өзара қарым-қатынастық мүмкіндіктері және сараланды.
Келесі күні Қазанда, Татарстан Республикасының инвестициялық даму Агенттігі алқасының отырысы өтті. Бұл шара барысында да инвестициялық мүмкіндігі жоғары өңірлердің әлеуетін арттыру, инвестиция тарту жөнінде тәжірбие алмасылып, өзара ықпалдастыққа қатысты жан-жақты әңгіме өрбіді.
«Тобыл» ӘКК мен Татарстан инвестициялық даму агенттігі индустриалдық-инновациялық даму саласындағы қарым-қатынастық туралы Меморандумға қол қойды. Маңызды құжатта екі ел арасындағы инвестициялық байланыс, өңірлерді индустриалдық-инновациялық дамыту жағын ұйымдастыру және қажетті мамандарды бірлесіп әзірлеудің алғы-шарттары көрсетілген. Біздің облысқа инвестиция тарту мақсатында «Алабұға» маңызды экономикалық аймағында шыны өнімдерін шығару жобасын қолға алған «TRAYA GLASS RUS» ААБ Бас директорымен бірқатар мәселелер талқыланды.
«Тобыл» ӘКК өкілдері Ресейдегі жылыжай дақылдарын өсіруге арналған ең ірі кәсіпорын – Осиновадағы «Майский» жылыжай комбинатында болып, өндіріс ошағының басшысы Ильшат Ганиевпен өзара тәжірбие алмасып, одан арғы әріптестік байланысты нығайтуға қатысты мәселелерді саралады.
Сондай-ақ, облыс делегациясының Иранға сапарының алдында, Қазандағы Иран Ислам Республикасының бас коньсулының міндетін атқарушы Мохсен Фаганимен екіжақты экономикалық байланысты күшейтуге қатысты кездесу өткізілді.
Айбек КӘДІРҰЛЫ