Өскемендіктерді 3:0 есебімен ұтты
Облыстық ІІД қызметкерлерінен жасақталған «Динамо-Қостанай» волейбол командасы республикалық жарыста алғашқы кездесуді сәтті аяқтады. Нақтылап айтқанда, волейболдан «А» жоғарғы лигасы бойынша XXIV ҚР Чемпионаты Павлодар қаласында байрақ көтерген-ді. Жарысқа Қазақстанның әр түкпірінен 8 команда қатысып жатыр. Полиция офицерлері мен сержанттары өскемендік «Алтай» командасымен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Көш бастау үшін жерлестеріміз чемпионаттың әлі бес айналымынан мүдірмей өтуі тиіс.