Универсиадаға қатысады

Алдағы 5-17 ақпан аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында қысқы универсиада өтеді. Спорт сайысына А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің спортшылары да қатыспақ. Университеттің делегациясы ертең, 3 ақпан күні жолға шығады.IMG_4400
Студенттер арасындағы VI қысқы универсиадаға ҚМУ-дан жиырма бес студент және бес жаттықтырушы маман барады. Қатысушылардың арасында облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың чемпиондары бар.IMG_4434 Университеттің спортшылары былтыр жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды. Биылғы мақсат та сол межеден көріну. Университет басшылығы спортшылардың жаттығуына, универсиадаға барып-келуіне барлық жағдайды жасап отыр. Жоғары нәтиже көрсеткен студенттерге оқу процесінде жеңілдіктер ұсынылып, «Мәдениет» гранты тағайындалады екен.IMG_4476
Алматыға баратын делегация жолсапардың алдында оқу орнының студенттерімен кездесті. Басқосуға университеттің бірінші проректоры Орынбай Тағаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.IMG_4432
– Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуға әрқашан көңіл бөліп келеді. Біздің оқу орнының басшылығы да салауатты өмір салтын насихаттаудан жалыққан емес. Алда республикалық универсиада тұр. Бақ пен баптың сыналар шағында біздің спортшы студенттеріміз жеңіске жетіп, қуанышпен оралады деп сенеміз. Жоғары нәтижеге жетуге сіздердің мүмкіндіктеріңіз бар,-деді ҚМУ-дың бірінші проректоры Орынбай Тағаев.IMG_4460
 
Қымбат Досжанова
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓