Жартыкеш түсінік пе? Жармақ бақыт па?

Біздің қазақтың қыздары маймылдан басқаның бәріне тиіп жатыр деген дабылды ерінбеген Патриоттегі бауырларымыздың бәрі қағады. Ғаламторды ақтарсақ, «қазақтың қаңғырған қыздарынан азапты ғана тартып отырмыз» деген сықылды лепестерді көзіміз шалады. Мұны жазатын әлгіндегі маймылдан басқалар. Бұл басқа жағдай, біз қозғар әңгіменің ауаны тіптен бөлек.
3befb725e4a1fc52e42fe10ea61fd18b_big
Үлкен ағам Арман алдыңғы жылы отау көтерді. Аппақ құсын қондырды қолына. Отбасымыздағы жаңа келіннің есімі – Инна. Ұлты – украин. Ағам сабаз алып қашып келген күні-ақ, Инна жеңге(м) суық көрінді маған. Ауылдағы нағашы әжемдер хабарсыз-тын. Біз қалада тұрған соң ба, шешем: «Үйренісіп кетеміз әлі, қуып шығасың ба енді?!» – деп басып тастап отыратын. Ағаммен де сөйлескім келмей жүрді біраз. Бір жағынан, әкеміздің жоқтығы, Арманның әбден басынғаны, намысының төмендігі деп есептедім. Әжеме қалай көрсетер екен?! Көрші Камила кемпірдің ескертуіне қарағанда бұ қыз бір арамдықтың жетегінде жүрген сыңайлы. Ойлағаны басқа-мыс. Өзімше долбармен сараладым, жұқаруға дайын жүрген жүйке-жүйрігім де бар, бұған оңай сендім. Тіпті десеңіз, ажыратуға тырыстым.   
Ал Арман мен Иннаға қарасаң, құдды бір күн көріспесе тұра алмайтын ғашықтар сияқты. Бір-біріне иіліп тұрады. Инна қасқаң Арекеңнің айтқанын бұлжытпай орындайды. Қазақша сайрайды, айтпақшы.
Қаным қайнап жүрді әбден. Араласатын достарым бетіме айтпаса да, сырттай мазақ қылып жүрді ме, бәлкім…
Күн өте, Инна енесіне де жаға бастады. Бұрынғыдай емес, үй тап-тұйнақтай. Ыдыс уақытымен жуулы тұрады. Онымен сөйлеспек түгілі, бетіне қарағым келмейтін мен өзіммен-өзім ренжи беретін болдым. Сәл жолым болмай қалса деймін-ау, теледидардың пульті қолымнан түсіп кетсе де: «осы неме келгелі, бәрі қырсығып қалды» деп, даңғарадай үйден орын таппаймын. Ал анам мен ағам күлетін.  
Ең бастысы, ең сорақысы – мен колледжден келген соң үйде Инна екеуміз ғана қаламыз кейде. Анам мен ағам жұмыстарына кетеді. Уақыт өте келе «күнім» Инна жеңгеМе қарайтын болды. Анау жолы қатты ауырып қалғанда қасымда болды, тамағымды дайындап береді күн сайын, құрығанда үйде жалғыз отырмайсың. Не керек, біз де тап-тамаша араласып кеттік. Инна турасындағы алдыңғы ой-пікірлерім өзгеріп шыға келді. Бұл менің пікірімнің тұрмыс себептеріне бола ғана өзгергені емес, керісінше адам жанын, оның да бір Хақтың құлы екенін түсінгендігім деп білемін.
Негізгі айтқым келгені, қай ұлтпен отассаң да өзіңе байланысты. Мәселен, сол украин ұлтының Патриотенколары «біздің қыздар қазақтарға шығып жатыр» деп жар салмайды ғой. Осы жерде менталитетке кеп тірелеміз. Бұл да басқа әңгіме. Біздікі ,әйтеуір, қаратабандарымыз кімді жар етіп алса да, сол қазақ үшін шөптің басын сындыруы керек. Сондықтан да, айтарым, барлығы адамның өзіне байланысты. Алысқа бармай-ақ, ұлы бабамыз Ахмет пен Бәдрисафа анамызды мысалға келтірейік. Қазіргі мықтылар соны неге айтпайды қателік деп. Сол сияқты талай отаудың түтінін түтетіп отырған жатұлтты келіндер бар. Жүрек қалауы, адам санасы – адами ортақ құндылық. Бөтен жұртқа батпансып, «қызымды алдың» деп бақырудың еш жөні жоқ!
 
Ермарат Сейдәзім

You may also like...

16 Responses

  1. Карсымын айтты:

    Мен буган оте карсымен. Канша дегенмен бойда намыс туруы керек кой. Мойындау керекпиз, казир ондайга жол берип атырк. Бірақ, қазақ қазақпен гана уйленсин.

  2. Омар айтты:

    Сонда бөтен елге кызымызды беріп кояйык па? канымды кайнатпандарщ

  3. Айгул айтты:

    Ермарат ау, Патриотенко болса балаң? күшті ма?

  4. Сайранбек Ж. айтты:

     "Анау жолы қатты ауырып қалғанда қасымда болды, тамағымды дайындап береді күн сайын, құрығанда үйде жалғыз отырмайсың. Не керек, біз де тап-тамаша араласып кеттік. Инна турасындағы алдыңғы ой-пікірлерім өзгеріп шыға келді. Бұл менің пікірімнің тұрмыс себептеріне бола ғана өзгергені емес, керісінше адам жанын, оның да бір Хақтың құлы екенін түсінгендігім деп білемін."

    Оттама сен! Өзіңе жаксы болган сон гана мактай бастадын го. Мойндау керек.

  5. Мұрат айтты:

    Мәселе мынада: әр қазақ қызы шығып атқан жоқ щетелге. Сорақысы – біздің ұлдар шетелдің қыздарын алуда. намыс ер жігітті болатынын ұмытпайық.

  6. Патриот айтты:

    Тақырыбы керемет: "Жартыкеш түсінік пе? Жармақ бақыт па?" "Біздің қазақтың қыздары маймылдан басқаның бәріне тиіп жатыр" деген не сөз айналайындар? "Күн өте, Инна енесіне де жаға бастады. Бұрынғыдай емес, үй тап-тұйнақтай. Ыдыс уақытымен жуулы тұрады. Онымен сөйлеспек түгілі, бетіне қарағым келмейтін мен.." деген жеріне дейін оқығанда "е, бәсе, сен де "сынған" шығарсың, қашанғы жеңгеңді жек көріп жүре бересің" деп ойлап, "содан бері жеңгемді жанымдай жақсы көретін болдым" болып жазылған шығар десем "өзіммен-өзім ренжи беретін болдым" депті антұрған. 

    Автор өзінше ақыл айтқансыпты. Пәлсапаны соғуындай соққан екен. "даңғаза үйден орын таппаймын" депті. "Даңғаза үй" деген немене? Мүмкін "даңғарадай" дегісі келген болар. Сосын "отандассаң" деген сөзді "отассаң" деп жазу керек. Бірінші диалект Қостанай жақта қолданылмайды. "Біздікі әйтеуір, қаратабандарымыз кімді жар етіп алса да, сол қазақ үшін шөптің басын сындыруы керек" депті сандырақтап. "Қаратабан" деп кімді кемсіткені? "Бөтен жұртқа батпансып, «қызымды алдың» деп бақырудың еш жөні жоқ!" деп аяқтаған екен лақап атты автор.

  7. Мұрат айтты:

    Патриот, сен де біраз көпіріпсің гой ұлы жазушы құсап. Қаратабан – қазақтың қара домалағығы ғой сайып келгенде. Оны түсінбеген сынайлысын

  8. Санжар айтты:

    Негызынен, ақыл салады адамга. Расында да текке айкайлаймыз го кызымыз анда кетты мында кетты деп, меным ойымша, ар адамнын оз калауы бар. Оган ешкым тиспесын. 

  9. Сакен айтты:

    Барлыгымыс та билемиз казактын кыздары кетипатыр. Бари айтып жур, президент те билет. Оны талдау дын кажети аз.

  10. Айгул айтты:

    Тагы бир косарым бар Казактын улдары суйіп калганы ушин кинали емес кой. Кыздарда солай. Ру,жузгеқкарамай заман ыргпгымен омир суру кажет пе деп калаасын

  11. Молдир айтты:

    Инна сиакты менин де женгем бар. Казир бакыттымыз. Адамнын өзіне байланысты шешими. Ол да адамның баласы, бір-бірін сүйіп қалған шгар а?

  12. Ермарат Сейдәзім айтты:

    Патриот, бір жағынан, даңғаза үйді қарбаласы көп үй деп түсіндім. Даңғара деп те жазсам кате болмас еді. Ен бастысы, 3 мен Р әріптері емес, ойымды жеткізгім келгені. Өзіміз қыз бергіміз келмейді, ал бөтен ұлттан қыз аламыз. Адамның еркі бірінші орында тұруы тиіс деген ой гой түптің түбіннде.  

    • Карсымын айтты:

      Ермарат кімсің сен өзі? Мақтаныш па сол қыз алғаның бөтен ұлттан, ағаң не, басқа қыз таба алмады ма? Кешір, бірақ, сенің ұстанымың дұрыс емес.

  13. Маржан айтты:

    Басында жақтырмай артынан жайлы келін екенін білген соң қайнысына да жағыпты ғой.Қазақтың қыздары қазақ жетпеген соң әркімге, қарақытайға кетіп жатыр.Ал мынау басқа ұлттан келін алыпты. Бәдрисафа…Өйткені ол Ахмет. Лингвист-ғалым, ұлт зиялысы.Ал мынау ол емес қой.Жай қазақ.Мұрат, қаратабан-кемсіту ретінде қолданылады.Қарадомалақ еркелеткен, жақсы көргендегі балаға айтылатын сөз.Ал, патриот көпірмеген, расын аңғарған. Мүмкін ұлы болмаса да болашақтағы ұлы жазушы шығар?Сосын немене бәлду-бәлду қылып қате-қате жазасыңдар, кілең сақаулар қаптап кеткен бе немене?

    • Сандуғаш айтты:

      Сізбен келісемін. Қазақтың жөні түзу тілі ұялы телефонда да бар. Біздің жақта (Атырау) қаратабан – Адайлардың абызы, сардары делінеді. Ең құрметті сөздердің бірі. Жалпы, батыс Қазақстанды алсақ, шамамен 10 пайызы ғана болу керек, басқа ұлтпен некелескендер. Бұл Қазақстандағы статистиканың оннан бірі ғана. "Қазақтың қыздары қазақ жетпеген соң әркімге, қарақытайға кетіп жатыр" дегеніңіз шошырлық екен. Бәлкім, рас.

  14. Айгул айтты:

    Карсымын, сиздин ойыныздын жаны бар десек те, махаббат ү омир. Ол намыс, адалдык, руга карамайды. Суйіп калдын ба, болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓