«Ұрпақтар сабақтастығы»

Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда «Дегдар» гуманитарлық қорының ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық концерті көпшіліктің басын қосты. «Ұрпақтар сабақтастығы» атты кеш 3 күннен бері Тобыл өңірінің тұрғындарын  классикалық туындылармен сусындатты. Бірнеше күннен бері Рудный, Лисаков қалаларын аралап, қаламызға келген классикалық музыка шеберлерін өнер сүйер қауым жылы қабылдады. Ән кешінің негізгі меймандары – аймақ ардагерлері.IMG_4154
Аталмыш қордың бұл жобасы 2011 жылдан бері елімізді аралап, қайырымдылық шарасын ұйымдастырып келеді. Көшпелі концерт биылғы сапарын Қостанай жерінен бастап отыр. Жоба авторлары аға буынға, соғыс ардагерлеріне деген алғысын өнер тілімен, классикалық музыкамен жеткізуді көздеген.  Тағы бір айта кетерлігі жергілікті жас өнерпаздар кәсіби сахна майталмандарының дәрісін тыңдауға мүмкіндік алды.IMG_4195
 Концерт қордың бірнеше жылдан бері атқарып келе жатқан жұмысын бейнелейтін бейнефильмнен бастау алды. Одан әрі сахна төріне шыққан танымал пианист Тимур Орманшиев халықты бір ауық әбден санамызды билеп алған телефоннан бас көтеріп, тамаша концертті тыңдап, рухани демалуға шақырды. Қазақ классикасы, орыс классикасы орындалып, жүректі тербеді.IMG_4148
 Ұлы Отан соғысы ардагерінің ерлігін жас буынға үлгі етіп, құрметтеуге үндеп жүрген өнер майталмандарының еңбегі ерен. Сахна саңлақтарының алдарына келіп ән салғанына ардагерлердің де алғысы шексіз. Көшпелі концерт Қазақстанның 30-дан астам қаласында болып, тап осындай қайырымдылық шарасын өткізіп, сый-құрмет көрсеткен. Өнер сапары өзге өңірлерде әрі қарай жалғасын таба бермек.
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суретті түсірген А. ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓