Жамбыл Жабаевтың туғанына- 170 жыл
Халық ақыны,жыраулық өнердің шебері, айтыскер Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына орай Н. Островский атындағы орталық қалалық кітапханада іс-шара өтті. «Жаһанның жыр Жамбылы» деп аталатын кеш Санкт-Петербург қаласындағы «Атамекен» ұйымының жетекшісі Сәрсенғали Аққұлұлымен тікелей байланысқа түсумен ерекшеленді. Аталмыш ұйым Санкт-Петербург қаласында қазақтың ақын-жазушылары, белгілі тұлғалары туралы түрлі іс-шаралар өткізіп келеді. Бүгінгі кешке арқау болып отырған Жамбыл Жабаев жөнінде де мерекелік кештер мен кітап көрмелерін өткізіп, оған қоса айтыскерге арналған қала орталығында ескерткіш аштырған.Кеш барысында бейне байланыстағы Сәрсенғали Аққұлұлы осы тақырып төңірегінде кеңінен әңгімеледі. Іс-шараға ҚМПИ аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты , доцент Қарлығаш Нұрмұхамбетова және Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» ҚММ-нің қазақ қоғамның жетекшісі, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің ұстазы, философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Жақып қонақ болды.
Алғашында кеште жыр алыбы атындағы әдеби-мемориялдық мұражай туралы бейнесюжет көрсетілсе, кейін «Жамбылдың жастық шағы» атты көркем фильммен жалғасты. Жыр дүлдүлі атанған Жамбыл атамыздың салған жолды жалғап жүрген жас ақындар өзара айтыс өнерінен үлгі көрсетті. Іс-шараға көрермен ретінде ҚМПИ, ҚМУ-нің студенттері және кітапхана жанынан ашылған «Тұмар» клубының белсенді мүшелері қатысты.
Ақбота Сақұлова