Құрбан шалу әзірлігін пысықтады

 12-09-16-kostanai-00-900x_Санаулы күндерден кейін күллі мұсылманның ұлық мейрамы – Құрбан айт басталады. Биылғы Құрбан айт мейрамының бірінші күні шілде айының 31-не тұспа-тұс келіп тұр.
IMG_6854Аймағымыздың бас имамы Бахытбек Тәжімбет алдағы мереке қарсаңында Қостанайдағы «Амиго» серіктестігіне қарасты қасапханада болып, құрбанға шалынатын малдардың бағасын, жай-күйін, сойылатын орындардың санитарлық тазалығын тексеріп келді.
IMG_6857
Облыстық «Аймағанбет қажы» мешітінің найб-имамы Әлішер Балахмет қасапшыларға семинар өткізіп, құрбан шалудың тәртібі мен талаптарын түсіндірді. Жалпы, өңіріміздің дін қызметкерлері онлайн құрбан шалуға әзір екендерін әрі түсіндіру жұмыстарының да қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді.
  IMG_6836
– Биылғы жылы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Құрбан айт күні құрбан шалу рәсімінде біраз өзгерістер болады. Атап айтсақ, 
1. Карантинге байланысты құрбан айт намазы биыл оқылмайды.
2. Құрбан шалу рәсімі Qurban2020.kz сайтында онлайн (қашықтықтан) орындалады.
3. Онлайн Құрбан шалу тек 31 шілде күні жүзеге асады, ал 1-2 тамыз күндері төтенше жағдайға (локдаун) байланысты құрбан малын онлайн шалу рұқсат етілмейді.
4. Құрбандықта сатылатын малдар: 1) Ешкі, қой -1 жас, 2) сиыр (ірі қара) – 2 жас, 3) алты айға толған семіз қозы болса құрбандыққа шалуға рұқсат етіледі.
5. Биыл қойдың бағасы – 50 000 теңге, тоқты – 40 000 теңге, ешкі – 35 000 теңге, ірі қара (сиыр) малы – 350 000 теңге. Ірі қара малын бір адам 50 000 тенгеден қосылып, 7 адам бірігіп шалуға болады
6. Онлайн құрбандық шалғанда, малдың еті толықтай мұқтаждарға қалдырылады.
7. Құрбан шалу уақыты күн шыққаннан бір сағаттан кейін шалынып, күн батқанша жалғасады.
8. Онлайн құрбан шалу Қостанай қаласындағы «Амиго» қасапханасында орындалады. Ол жерде тек қана қасапшы, имам және онлайн видеоға түсірушы оператордан басқа ешкімге кіруге рұқсат етілмейді, – деді Бахытбек Нұрғабылұлы.
IMG_6840
Қостанайлықтар құрбандықты онлайн режимінде қалай шала алады? Ол үшін Qurban2020.kz сайты арқылы құрбандық шалуға болады. 
Бірінші қадам: "Құрбан шалу" ұяшығына өтіп, өзіңіз тұратын өңіріңізді тандайсыз.
Екінші қадам: Аты жөніңіз, байланыс телефоныңыз, құрбандыққа шалатын мал түрін және санын тандайсыз.
Үшінші қадам: Автоматты түрде таңдалған малдың бағасы шығады.
Төртінші қадам: Малдың құрбандыққа шалынғаны туралы есептің қажет, қажет еместігі туралы батырманы басасыз.
Бесінші қадам: Электронды тапсырыс нөмірі беріледі.
Алтыншы қадам: Сайтта көрсетілген реквизитке қажетті соманы аударасыз.
Осылайша сіз карантин талаптарын сақтай отырып, құрбандық шала аласыз.
Qurban2020.kz сайты арқылы төлем аударғандар үшін "Амиго" қасапханасындағы малдар ақысының көлеміне қарай 31 шілде күні онлайн шалынатын болады. Қазіргі таңда бұл орында 100 қой-ешкі, 50 тоқты, 10 сиыр бар. Бірақ бас имамның айтуынша, жұртшылық онлайн құрбандық шалуға әлі де асығар емес. Алдын ала бірнеше адам ғана қой сатып алуға тапсырыс берген. Егер қала бойынша мыңға жуық тұрмысы төмен және көп балалы отбасыға сойылған құрбан малының еті таратылатынын ескерсек, бұл өте төмен көрсеткіш болғалы тұр. Алда әлі толық үш күн уақыт бар, бәлкім Qurban2020.kz сайты арқылы төлем жүргізіп, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, сауабын алатындар қатары көбейіп қалар деген үміттеміз.
IMG_6860
Айта кетейік, жеке тұрғын үйі бар азаматтар құрбан малын өз ауласында шала алады. Ол үшін имамдарды шақырып қажет емес. Тек өздігінен «Бисмилләһи, Аллаһу акбар!» деп, құрбандық шалатын адамның атын атап, малды бауыздай берсе, ниеті қабыл болады.
IMG_6844

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓