Бірнеше отбасы баспанасыз қалды

Күні кеше Байтұрсынов көшесіндегі 128-үй өртеніп кеткен болатын. Салдарынан бөлмелерді жалға алып тұрып жатқан бірнеше отбасы далада қалды. Күллі дүние-мүлкін, құжаттарын тілсіз жау қойнына тастап, тысқа қашқан тұрғындар әлі есін жия алар емес. Көбісінің пана қылар жері жоқ. Тиісті органдардан медеу күтіп жүр.орт
 
Жапа шеккендердің бірі – Мейрамхан Мұратов. Ата-анасымен жатақхананың үшінші қабатындағы бөлмелердің бірін жалдап келген. Оқиға куәгері бізге бәрін тәптіштеп айтып берді. Сөзіне сүйенсек, БАҚ жариялап жатқандай өрттің шығуына қасындағы монша себепші болған.DSCN3836
– Монша – сол үйге тиесілі. Біріктіріліп салынған. Ақылы жуыну нысаны бізге ғана (жалдамалы үй тұрғындары – авт.) арналған. Сол моншаның мұржасын қожайынымыз жақында "жөндеткен" болатын. Яғни келте мұржаны ұзарттырған. Тапсырыс алған жұмысшылар қауіпсіздік үшін жаңа мұржаның керектігін ескерткен екен. Қожайын оны пысқырмапты. Мінекей, сол олпы-солпы жалғамадан үшінші қабаттың шатырына дамылсыз шоқ шашыраған. Үйдегілер де өрттің болып жатқанын ушығып кеткен кезде бір-ақ білген. Ал газ баллондары кейін жарылған,-деп еске алады Мейрамхан. 
Тұрғындардың айтуынша, өрт сөндірушілер жалын әбден өршеленіп кеткен кезде, яғни кешігіп келген. Бәрі оқу-жаттығу шараларында жүріпті. Дабыл ізімен келген арнайы техникалар барлық суларын сол шараға сарп етіп қойған екен. Жалма-жан таяу маңдағы бағаналардан су сорыпты… Осылайша, сағат 15.30-да басталған өрт қас қарайғанда тұмшаланып болыпты. IMG_4147
Қыс ортасында жеңіл-желпі жалғыз қатар киіммен көшеде қалған жұрт қазір материалдық шығындарын кімнен дауларын білмей дал. Баспана қожайыны Ресейде қауырт жұмыстарымен жүр-міс. "Мана әкесін көріп қалып, қайда екенін сұраған едім, "қожамыздың" Қостанайға қашан келетінінің белгісіз екенін айтып бұрылып кетті" дейді М.Мұратов. Енді тауқыметтес тұрғындар дүйсенбі күні сағат 10-да облыстық ТЖД ғимараты алдына жиналмақ.     
 
Ж.Балғынбекұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓