Жол тәртібі тезге салынуда

Бес ай ішінде облыста жол-көлік оқиғасы 21%-ға азайған. Бұл көрсеткіш заманауи техникалық жабдықталымдардың көмегі арқасында мүмкін болып отыр.фото фиксация
Бұл – өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғандағы жағдай. Жол апатынан зардап шегушілер саны да 30,2%-ға кеміген.
Естеріңізге сала кетейік, облыста көшелерді жаңа талапқа сай бағдаршам белгілерімен жабдықтау жұмыстары жалғасын табуда. «Жасыл толқын» акциясы аясында облысқа қарасты аудан-қалаларда да заманауи құрылғылар орнатылмақ. Жол қозғалысын жедел қадағалауда ұстап отыруға мүмкіндік беретін жетілдірілген техника мен компьютерлік құрылғылар әкімшілік полицейлердің де қолын ұзартты. Көшелерде бейнекамералар мен фотожазба қондырғылары саны да арта түскен.
 
Жандос Жүсіпбек

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓