Тартысқа толы сайыс
Облыс орталығында дарынды оқушыларға арналған мектептер арасында «Дарын жұлдыздары» атпен көпсайысты спорттық ойындардан жарыс болып өтті. Сегіз адамнан құралған командалар ұзындыққа секіру, жеке сындағы оқушылар жарысы, есеп шығару, қаппен секіру, асық ату, арқан тарту қатарлы ойын түрлерінен бақ сынады.
Қызыққа әрі тартысқа толы өткен жарыста үшінші орынды дарынды балаларға арналған Озат мектебі, екінші орынды Қазақ түрік лицейі иеленсе, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты командасы жеңімпаз атанды.
Сайысқа «Дарын» республиқалық ғылыми-практиқалық орталығының аға әдіскерлері Салтанат Байділдина және Гүлнар Зайкинова қазылық етіп, жеңімпаз командалар марапатталып, сыйлықтарға ие болды.