Алаяқ әйел құрықталды
Қостанай қаласының №2 соты азаматша Ғ.Тұяқоваға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.
2011 жылғы 11 желтоқсанда қалалық әкімдік ғимаратының маңында сотталушы Ғ.Тұяқова өзін «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-нің қызметкері ретінде таныстырып, әлеуметтік тұрғын үй алу үшін тез арада кезекке тұру мәселесінде көмектесу қызметін ұсынған.
Ол жәбірленушілерге әлеуметтік тұрғын үй кезегінде тұрғандығын растайтын қалалық әкімдіктің алдын ала дайындалған жалған бланкін берген.
Әдейі тұрғын үйге зәру азаматтарды осылайша алдаған Ғ.Тұяқова оларға тиесілі 3,5 млн. теңге қаражатты иемденеді.
Сот үкімімен Ғ.Тұяқова ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес (ірі мөлшерде алаяқтық) қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды. ҚР ҚК-нің 63-бабына сәйкес оған 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық шағымдары толығымен қанағаттандырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
қашан болған оқиға 2011 жылы 3 жылға 6 айға сотталған болса мемлекет оған берешек ? ?