Мектепке «жарылғыш зат қойылды»
Оқу ошағын аяқтан тік тұрғызған 9-сынып оқушысы полицейлер қолына түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Маусымның 1-і күні ІІБ-ның кезекшілік бөліміне Қостанай қаласындағы ІІБ-ның кезекшілік бөліміне Қостанай қаласындағы №17 мектепке жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына жедел тергеу тобы дереу жетіп, 80-ге жуық адамды мекемеден тысқа шығарды. Жедел тергеу шараларының нәтижесінде, қасақана әрекеті арқылы емтиханға кедергі келтіруді көксеген 9-сынып оқушысы ұсталды.
Бозбаланың бұл бүлігіне байланысты, ҚР ҚК 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бап санкциясына сай, айыпкер алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасын табуда.
Жандос Жүсіпбек