Орталық базар маңында алапат өрт шықты

Төтенше жағдай шамамен сағат 15.30-дар кезінде басталған. Өрт Байтұрсынов көшесіндегі 124-ші екі қабатты баспанадан шыққан. Таяу маңдағы куәгерлер ғимараттан қатты жарылысты естігендерін айтуда. Алғашқы болып ТЖ қызметіне қоңырау көрші ғимарат тұрғындарынан түскен. орт Құтқарушылар оқиға орнына жеткен соң тағы үш газ баллоны атылған. Арты алапат өртке ұласқан оқиға орнына 7 өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта алауды ауыздықтау жолында әлі күрес жүргізіп жатыр.IMG_4133 

IMG_4120

 

IMG_4119Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ. Барлық тұрғындар дер кезінде ғимараттан тысқа шығып үлгерген. Қарбалас кезінде жеңіл жарақат алған адамдар үшін жедел жәрдем көліктері де келіп жетті. 

Ж.Балғынбекұлы
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓