Қолдарым әсем болсын десеңіз
Қолдарыңызды шайғаннан кейін міндетті түрде сүртуді ұмытпаңыз! Суық далаға дымқыл қолмен шығуға болмайды.
Күніне бірнеше рет қолыңызды ылғалдандыратын креммен жағып отырыңыз. Суық мезгілде қол терісі тез құрғап отырады. Крем еш уақытта артық болмайды. Ол эпидермисте ылғалды сақтап қалады.
Далаға шығуға бір сағат бұрын қолыңызды крем жағуға ұмытпаңыз. Осы уақытта крем теріңізге сіңіп, пайдасы көп болмақ.
Қыста маникюрге ерекше көңіл бөліңіз, тырнақ қасындағы теріні күтіп, оны ылғалдандыруды ұмытпаңыз.
Кептіргіш аппараттарын қолданудан бас тартыңыз. Қолыңызды қағаз майлыққа сүртіп, артық қалған ылғалға теріңізге сіңуге жол беріңіз.
Ыдыс жуатын сұйықтық, кір жуу ұнтағын қолғапсыз қолданбаңыз.
Қолыңызды тек бөлме температурасындағы сумен жуыңыз, тым ыстық су теріні кептіріп, құрғатады.