Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Жақында Қостанай қаласы, балалар шығармашылық үйінде "Қостанай гауһары" атты байқау өтті. Бұл байқаудың негізгі мақсаты жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен тәуелсіз Қазақстанда тұрып, тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдылыққа, сыпайылыққа, мейірбандылыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады. Осы сайысқа Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың 9 сынып оқушысы Майташ Ағайдарова қатысып жүлделі I орынды иеленді. Байқауда қатысушының сымбаттылығын ғана емес, сонымен қатар өнері мен тапқырлығын, жалпы айтқанда, жан-жақтылығын сынға алды. Майташтың бұл жетістігі біз үшін де, мектеп үшін де үлкен мақтаныш. Жақында ол Алматы қаласында өтетін сайыста бағын сынамақ. Біз, сыныптастары және достары мектеп атынан, Майташқа тек қана сәттілік тілеп, алға қойған мақсатына жетіп, қаламызға же-ңіспен оралсын деген тілегімізді білдіреміз.
Алтын ЕСКАТОВА,
9 сынып оқушысы.