Әдемі болсам деп едім
Менің бетіме безеу жиі шығады. одан қалай құтылсам болады. Қыз бала бол-ғандықтан әдемі болып көрінгім келеді. ӘСЕМ.
Бет терісі майлы болғандықтан оған ерекше күтім қажет. Мұндай жағдай кейде ауа райының да әсерінен болады. Немесе ішкі ағзаңызда бір жеріңіз ауыруы да ықтимал. Сол сияқты шөптен жасалған косметикалық күтім де жақсы көмектеседі. Мәселен, календула кремі мен майлы бетті сүртуге арналған календула ласьонын пайдаланғану тиімділігін көрсетеді. Қандай жағдай болмасын әуелі косметологпен ақылдасқаныңыз дұрыс. Ол маман ретінде бетті тазалап, өз кеңесін дәрігерлік тұрғыдан береді. Қыздар косметологқа баруға үйренбеген. Негізі осы жағдайды әдетке айналдырғанамыз жөн.