“Тараз” – “Тобыл”: 2-1 (БЕЙНЕШОЛУ)

Футболдан ел біріншілігінің 31-тур аясында қостанайлық "Тобыл" командасы Таразға қонаққа барды. Екінші алтылықта тізгінді нық ұстаған Қостанай жігіттері, білгенінен жаңылып, сырт алаңда сүрінді. Логиновский қорғаған қақпаға алғашқы минуттардан-ақ Малик Мане гол соғып үлгерді. Кейін салғырт ойын көрсеткен қостанайлық ұжым тағы бір голмен жазаланды. Бұл жолы көзге түскен – Иоана Меру. Тек ойынның соңғы минуттарында ғана Чиприан Дяк есеп айырмасын қысқрта алды. Алайда, "Тобыл" жігіттері бұдан әріге бара алмады. 
Назарлаңызға өткен ойыннан қысқаша бейнешолу ұсынамыз.   

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓