Қылқаламшының кезекті көрмесі мұражайда ашылды
Бүгін облыстық тарихи-өлкентану мұражайында белгілі суретші, ҚР суретшілер Одағының мүшесі Георгий Соковтың шығармашылығына арналған "Театр. Өмір. Суреші" атты көрме ашылды. Бұл шара есімі елге танымал Георгий Михайловичтің 75 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр. Суретшілік өнердің сан қырлы саңлағының туындылары мұражайдың көрме залына ілінді.
Қай еңбегіне зер салсаңыз да шеберлікке көз жеткізіп, қылқалам құдіретіне мойынсұнасыз. Қанық бояу, сыршыл бейнелер оның айрықша дарындылығына сендіреді… Көрмеге бұл жолғы қойылған суреттер топтамасының ортақ тақырыбы – театр. Тізбелер болсақ, Э.Ионескудің "Мүйізтұмсық", Е.Шварцтың "Айдаһар", Л.Украинканың "Тас мейман", А.Чеховтың "Шағала", Ж.-Б.Мольердің "Жорж Дандем", Лопе де Веганың "Ойлап табылған ғашықтар" пьесалары желісіндегі спектакльдерге және "Конек-Горбунок" балетіне жасаған декорация эскиздері ілінген.



Ж.Бораш