Қостанайда Бірлік күні тойланды
Бүгін ел көлемінде Қазақстан халқының бірлігі күні думандатылып жатыр. Қостанайлықтар да бұл мерекені жоғары деңгейде атап өтті. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Мерекеге орай орталық алаңда облыстағы тауар өндірушілердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Үздік аспаздардың ұлттық тағамдар көрмесі, қолөнершілердің этно-көрме өтті. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов аталмыш көрмелерді аралап, ұйымдастырушылардың әзірлігіне куә болды.
Одан әрі іс-шара "Көктем, достық, бір халық" атты мазмұнды концерттік бағдарламамен жалғасты. Онда ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тамара Асар өнер көрсетті.
"Қазақстан халқының бірлігі күні әрқайсымыз үшін Отанға деген сүйіспеншіліктің, дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығының, шынайы патриотизмнің символына айналды. Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі бүкіл әлемде мойындалғаны ешкімге құпия емес. Тарихи тұрғыдан алғанда, біздің облыс республиканың көпұлтты аймақтарының бірі болып саналады. Біздің облыста 17 этномәдени бірлестік бар, олар аймақта тұратын барлық ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін сақтайды және құрметтейді,-деп атап өтті Архимед Мұхамбетов.