Тағы бір инсульт орталығы құрылмақ 


Қан айналымы жүйесі ауруларының проблемалары, атап айтқанда жүрек қантамыр аурулары соңғы кезде әлемдік індеттің сипатын алды. Біздің өңірде де жүрек және қан-тамыры дерттеріне шалдығушылық, осы аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші азаймай отыр.5605358dcfa68Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы О.Бекмағамбетовтың айтуынша, өңірде қан айналымы жүйесі ауруларының көрсеткіші 5,1 пайызға, ал өлім-жітім 3,3 пайызға өскен. Дерттің анықталуына скринингтік тексерулер көп көмегін тигізген көрінеді. Бүгінде облыстық аурухана мен Рудный қалалық ауруханасының базасында инсульт орталығы жұмыс істеуде. Дегенмен, басқарма басшысының айтуынша, алдағы уақыттарда, яғни биыл немесе келер жылы Қостанай қалалық ауруханасы базасында да инсульт орталығын құру жоспарланып отырған көрінеді. Бұл өз кезегінде облыстық ауруханадағы инсульт орталығының жұмысын жеңілдетері сөзсіз. 
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓