Жітіқара энергия үнемдеуге көшеді
Жітіқара ауданында көшелерді жарықтандыру мәселесі күн тәртібінде тұр. Аудан әкімі А.Ибраев осы мәселені шешу үшін екі жылдан бері белсенді жұмыстар жүргізуде. Көшелерді толық жарықпен қамтамасыз етуге аудан бюджетінің қалтасы көтермейді. Жыл басынан бері орталық көшелердің басына энегрия көзін үнемдейтін 25 электр шамын орнатыпты. Айтарлықтай нәтиже берген көрінеді. Қазір 12 шағын аудан көшелерін жарықпен қамту жұмыстары жүргізілуде.