Жәрмеңке өтеді
Қостанай қаласында биылғы жылдың алғашқы жәрмеңкесі бұрынғыдай Спорт сарайында 30 қаңтарда өтеді. Бұл жолғы жәрмеңкеде Қостанай қаласы мен 11 ауданнан барлығы 129 тауар өндіруші өз өнімдерін ұсынбақ. Әдеттегідей, тауар бағасы көк базармен салыстырғанда 15-30 пайызға арзан болмақ.Жәрмеңкеде 114 мың дана жұмыртқа, 22,5 тонна ет, 4 тонна шошқа еті, 20 тонна картоп, 15 тонна жеміс-жидек және 5 тонна сүт өнімдері сатылады деп күтілуде. Сондай-ақ, жәрмеңкеде халық көп тұтатынатын өнімдердің бірі ет бағасы да тиімді бағамен сатылмақ. Мәселен, сиыр етінің келісі 800-950 теңгеден, шошқа еті 700-750, қой еті 950-1000, жылқы еті 1000-1100 теңгеден сатылатын болады.