Жаңаша түлеген медорталық

Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының жетінші бағыты адами капиталды жаңғыртуға бағытталған. Мұнда білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту мәселелері егжей-тегжейлі баяндалған. Әсіресе, «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт» бөлімінде салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек делінген. Сондықтан кез келген ауруды ерте сатыда анықтау, оның алдын алу – медицина саласына жүктелген міндет.
иииОсы орайда Рудныйдың денсаулық сақтау саласы бір топ дәрігерлермен толықты. Олар қайта құрылған «Еуразия» медициналық орталығының жаңа бағытын игеретін болады. Атап айтар болсақ, емхананың меңгерушісі, бірінші санатты дәрігер Жансәуле Сейітова кеншілер қаласына Ақтөбеден келіп отыр. Еңбек жолы 1992 жылы қатардағы статисттен басталған маман арнайы шақыртумен орталықтың Ақтөбедегі филиалына 2015 жылы жұмысқа орналасқан. Ширек ғасыр еңбек өтілі бар Жансәуле Сейітова үшін бүгінде өмірдің жаңа кезеңі басталды.† _б г«Ґ
Тәжірибелі маманды Рудныйға келерде бірнеше фактор қызықтырды. Біріншісі, медициналық орталықтың материалдық-техникалық базасы, кең, әрі жарық кабинеттер мен ыңғайлы жұмыс кестесі. Бұрын жалпақ жұртқа «Рассвет» емдеп-сауықтыру орталығы» деген атаумен белгілі мекемеде ем алу үшін Қостанай облысы түгіл, еліміз бен көршілес Ресейден келетін. Екіншісі, лайықты жалақы мен орталықта берілген қызметтік пәтер. Үшіншісі, кеншілер қаласының жинақылығы мен тазалығы.
– Кез келген адам үшін жұмыс берушінің қамқорлығы өте маңызды. Сол себепті емхананың ұжымы бір отбасыдай тату-тәттіміз. Кеншілер қаласындағы алғашқы жұмыс күндерінен алған әсерім болса өте жақсы. Сыпайы, кішіпейіл, қарапайым халқы көңілімнен шықты. Енді бар білімім мен күш-жігерімді тұрғындардың денсаулығын жақсарту ісіне арнаймын, – дейді емхананың меңгерушісі.1
Бүгінде Жансәуле Сейітованың қарамағындағы учаскеде Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің 2500-ден астам жұмыскері бекітілген. Басқалармен қатар олар да жыл сайынғы кәсіптік медициналық қаралудан бастап түрлі емдеу шараларын қабылдайды. Жуырда қала құраушы кәсіпорын, кәсіподақ ұйымы мен «Еуразия» медициналық орталығы арасында жұмыскерлерді, олардың балалары мен кәсіпорын ардагерлерін сауықтыру қызметтерін көрсету жөнінде келісім шартқа қол қойды. Ол бойынша медициналық қызметтер, дәрі-дәрмек пен сауықтыру курстары кен алыбының әлеуметтік пакеті есебінен тегін жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, комбинатта жұмыс істейтін әрбір жұмысшының есепшотына жылына 77 000 теңге ақша аударылады және оған орталықтан кез келген ақылы медициналық қызметті алуға болады. Кеншілер, сондай-ақ, компания есебінен 12 күндік санаториялық-сауықтыру жолдамаларын да тегін ала алады.
Медициналық орталықтың өзіне келетін болсақ, оның Ақтөбе, Хромтау, Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында филиалдары бар. Басты миссиясы өндірістік өңірлердегі еңбек адамына сапалы медициналық қызметтер көрсетіп, кәсіптік аурулардың алдын алу. Ол үшін орталықта емдеп-сауықтырудың инновациялық технологиялары енгізіліп, заманауи медициналық аппараттар мен жабдықтар сатып алынуда.
Бұрынғы «Рассвет» орталығының орнын басқан «Еуразияда» бүгіннің өзінде оң өзгерістерді байқауға болады. Оның ең маңыздысы – жұмыскерлер саны. Жаңа жылға дейін мұнда 216 адам жұмыс істесе, қазір 270, ал жуық арада 346 адамға дейін жеткізу жоспарда. Дәрігерлер санымен қоса қызметтердің түрі мен сапасы да артуда.
Мәселен, наурыз айында орталықта терапевттік қызмет ашылып, кен алыбының әрбір бөлімшесі үшін жеке маман бекітілді. Он бес орынға шақталған жаңа тәуліктік стационар болса невролог, реабилитолог сияқты дәрігерлермен толықты.ии
Жанар Зулпыхарова – осы стационарда терапевт боп еңбек жолын бастаған жас маман.
– Менің балалық шақтағы арманым дәрігер болу еді. Бұл қалауымды әрқашан әке-шешем де толықтай қолдады. Сондықтан оқушы кезімнен биология, химия сияқты пәндерге әуес болып өстім. Осылайша Астана медициналық университетіне грантпен оқуға түсіп, оны 2017 жылы тәмамдадым. Өзім Алматыданмын. Бірақ осында әпкем жұмыс жасап жатқандықтан Рудныйға келуге бел буып, осы медициналық орталыққа жұмысқа тұрдым. Басында үйренісіп кетуіме әріптестерім жан-жақты қолдау көрсетті. Бүгінде пациенттерге ем тағайындап, оның оң нәтиже беріп жатқанын көрген кезде мен де іштей қуанамын, мамандығымды мақтан етемін, – дейді емхананың меңгерушісі.
Қазіргі таңда жаңа медициналық орталықтың қызметін тұтынып үлгерген рудныйлықтар дәрігерлер ұжымының кәсібилігіне риза. Біз «Еуразия»» осы бағытынан қайтпай, салауатты ұлт қалыптастырудағы рөлі күннен-күнге арта беретініне сенімдіміз.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓