Қына жайында не білеміз?

Шашты қынамен бояған пай      далы дегенді естідім. Оның пайдасы мен зияны жайында білгім келеді.
Сәлеммен Айжан.
қына-520x245Артықшылықтары:
Әдетте дүкен сөрелерінде көздің жауын алып тұратын  бояуларға  қарағанда  табиғи қына әлдеқайда зиянсыз, химиялық қоспалардан ада болып келеді. Әсіресе, жаз кезінде бояған дұрыс: күн астында көп жүргенде  де қына шашта ұзақ сақталады, әдемі, сарғыш, алтын түс береді, шаш күнге жылтырайды. Құрамындағы заттар бас терісін нәрлендіріп, шашты өсіреді, жылтыратады, күш береді. Мамандар қынамен тек табиғи қызыл қоңыр шаштарды бояу керек екенін айтады. Ал ақ сары шашты қыздарымыз түссіз қынаны таңдай алады. Түссіз қына түсті секілді бас терісінің жасушаларын қалпына келтіріп, қайызғақты емдейді, тітіркенуді кетіреді, шаштың түсуін тоқтатады, қалыңдатады. Әрбір шаш тамырынан бастап ұшына дейін қатаяды. Сондай-ақ, химиялық заттарға аллергиясы бар адамдар қорықпастан пайдалана алады. Бағасы да өте қолжетімді келеді.
Кемшіліктері
Ең үлкен кемшілігі – сізге ешбір шаштараз бояудан кейін қандай түстің шығатынын дөп басып айта алмайды. Себебі, зақымдалған шаштар қатты боялады. Жалпы, шаш табиғи бояуларды жақсы қабылдайды. Бастапқыда бір бұрым шашты бояп көрген дұрыс. Құрамында қына бар бояғыш сусабындар мен басқа да арнайы бояғыш құралдар қолданған абзал. Ашық түсті, химиялық әдіспен бұйраланған (!), ағарған шашқа мүлде келмейді. Оны екі айдан кейін бір-ақ пайдаланыңыз, жиі пайдаланудан шаш күңгірттеніп кетеді. Қына химиялық бояулармен нашар үйлесетіндіктен, бұрынғы бояуға қайту үшін бірнеше ай күтуге тура келеді. Ұнтақ бояу кезінде шаш құрылымына сіңбейді, бірақ ұзақ уақытқа боялады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓