Үш бала инфекциялық аурулардан көз жұмған
Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы В.Нечитайлоның мәлімдеуінше, Арқалық қаласында 4 жастағы бала құтыру дертінен, Қостанай ауданында 2 жасар бала туберкулезден, ал Қостанай қаласында 1 жасар бала менингиттен көз жұмған. Дегенмен, өңірде өткен жылы инфекциялық және паразиттік аурулар деңгейі анағұрлым төмендеген көрінеді. Мәселен, вирусты гепатит 4,7 есеге, эхинококкоз 2 есеге, созылмалы вирусты гепатит 18,7 пайызға, сальмонеллез көрсеткіші 17,8 пайызға азайған.