Дәрігер кеңесі. Вирустық инфекциялардың алдын алу жолдары

коронавирус
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпсалалы медициналық орталығы» ШЖҚ МКК қалалық инфекциялық орталығының басшысы Татьяна Цечоева  ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Дәрігерлердің кеңестері: КВИ кезінде асқынулардың алдын алу» тақырыбы аясында өткен онлайн брифингке қатысып, бірқатар сұраққа жауап берді.
"Қазір күзгі-қысқы кезең – жедел респираторлы вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) өршу кезеңі жүріп жатыр. Осыған байланысты коронавирус инфекциясының өсімі байқалады. Коронавирус инфекциясының ерекшелігі – халқымыздың 70-75%-ы індеттің жеңіл немесе симптомсыз түрімен ауырады. Бұл аурудың алғашқы белгілері – жоғары температура, бұлшықеттің ауруы, бас ауруы, иіс сезу қабілетінің жоғалуы. Бұл белгілер бір уақытта да, бөлек де байқалуы мүмкін. Әлсіздік пен тершеңдік пайда болып, бұл симптомдар білінгенде тыныс алудың қиындауы, ентігу, кеуде қуысының ауыру белгілері қосылады", – деді Татьяна Цечоева.
Ол жоғарыдағы симптомдар пайда болған кезде пациент тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханаға қоңырау шалуы керек екенін айтты. Содан кейін тиісінше, медицина қызметкері емдеу тактикасын анықтайды.
"Барлық вирустық аурулардың белгілері ұқсас. Коронавирус инфекциясымен ауырған кезде инфекция ең алдымен, өкпе және өкпе тамырларын нысанаға алады, соңынан тромбоз пайда болуы мүмкін. Содан кейін бактериялық флораны белсенділенру кезінде қабыну процесі жүреді. Науқастарды ауруханаға жатқызудың негізгі көрсеткіші өкпенің зақымдану көлеміне қарамастан пневмонияның дамуы болып саналады", – деді дәрігер.
BAQ.KZ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓