Астанадан жүлделі оралды

Әулиекөл ауданындағы «Искорки» өнер мектебінің шәкірттері 2014 жылы республикалық «Салем, Астана!» бишілер байқауына қатысып, жүлделі үшінші орынмен марапатталған. Бұл олардың алғашқы байқауы. Топтың құрамына келсек, 9 бен 12 жастың аралығындағы бүлдіршіндер. Оларды бұл мектепке ата-аналары әдейі беріпті. Себебі, балаларының ширақ, дене тұрқы тіктеліп өсуін әрі денсаулығы мықты болуын, отбасы-үйінен тыс дұрыс тәрбие алуын қажет деп тапқан. Әрине, қуанарлық жайт. Бір жағынан ауыл мәдениетінің дамуына үлес қосып жүр бұл кішкентай таланттар.IMG-20160118-WA0006
Топтың хореографы әрі жетекшісі Лилия Байрамқұловамен аз-кем тілдескенімізде біраз жайттан бізді хабардар етті.
– Біздің Астанаға барған сапарымыз келесі сайысқа үлкен жол ашты. Яғни, Қарағанды қаласында өткен байқаудан да олжасыз қайтпадық. Қазіргі қаражат тапшылығы бізге қол байлау боп тұр. Арнайы шақырса да, бірнеше байқауларға барудың сәті түспеді. Бірақ, оған мойып жатқанымыз жоқ. Керісінше, намысқа тырысып, балалардың ата-аналары өздері демеушілік көрсетіп келеді. Тіпті, оларға арнайы киімді де өз қаражаттарына тіктірдік. Енді сәтін салса, Көкшетау қаласында биыл өтетін ірі байқауға барып қайтпақшымыз,– деді Лилия Уәйісқызы.image
Кіші топтар арасында (9-12 жас аралығы) үлкен нәтижеге жетіп, өз дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген талантты бишілер өңірімізде санаулы екен. «Искорки» өнер мектебінің жас таланттылары солардың бірегейі десек те болады. Олар жақында Астана қаласына тағы бір мәрте барып, қола жүлдені иеленіп келді. Бірнеше турдан өткен бишілер қазақтың «Қамажай», орыстың «Маков цвет» және арнайы спорттық биді билеген көрінеді. Ауылдық жерде болса да, мұндай қиын биді алып шыққан жас талант иелеріне қазылар алқасы өте жоғары баға беріп, жетекшісі Лилия Уәйісқызының еңбегіне тәнті болды.
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.
Суретті түсірген Айбек Жүзбай.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓