Лисаковта мұнай өңдеу зауыты салынады
Зауыттың құрылысы Әзербайжан елімен бірлесіп жүргізіледі. Алдағы уақытта жоба сәтті іске асып жатса, облысты жанар-жағармаймен толық қамтамасыз ету жоспарланған. Жаңа зауыт екіжақты қарым-қатынастың тиімділігін арттыра түспек. Сондай-ақ 749 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл жобаға Әзербайжан елінің «HOLDING-ASIAOILGAS» АҚ компаниясы инвестиция салуға ынталы. Қаржы мезгілінде бөлінсе, зауыт құрылысын 2018 жылы аяқтау көзделген. Жоба құрылысына, шамамен, 228 млн. АҚШ доллары жұмсалады.