Ет экспорты 6 есеге дейін ұлғаяды 

Ағымдағы жылы Қостанай облысы аумағында облысаралық ет кластері пайда болмақ. Ет кластерін құру және қызмет құрылымын іске асыру өңірдің сиыр еті экспортын 1300 тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді делінуде. ет
Аталмыш жобаның қатысушылары бордақылау алаңдары, асыл тұқымды мал өсіру шаруашылықтары, тауарлы шаруа қожалықтары және халықтың жекеменшік шаруашылықтары болады. 
Ет кластерін құру және қызмет құрылымын іске асыру өңірдің сиыр еті экспортын 190 тоннадан 1300 тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұған қоса, жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпалы болмақ. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы М.Соқытбаев тілге тиек еткендей, осы жылдың өзінде бұл жоба жұмыссыздық салмағын 500 адамға дейін жеңілдетеді. 
Өңірдің ауылшаруашылық басқармасы мамандары мәлімдеуінше, ет кластері Қостанай облысы аумағында құрылады, дегенмен онда бірнеше солтүстік облыстардың әлеуеті пайдаланылмақ. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓