Жұмыс орнында қаза тапты

Қарабалық ауданына қарасты Приуральский ауылының маңындағы бидай жинайтын қоймалардың бірінен әйел адамның мәйіті табылды. Ол жоғарыдан бункерлердің біріне құлап, мерт болған.  0_131e22_36df019d_XXXLҚара жұмысқа алынған марқұм осы нысандағы бункерлердің толып кетпеуін қадағалаушы болған. Жазатайым оқиғаға нақты не себеп болғаны әлі белгісіз. Полиция қызметкерлері қайғылы жайттың ақ-қарасын анықтау барысында.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓