ERG Way қанатын жайды

«ССКӨБ» АҚ Қашар тау-кен өндіру кешенінде ERG Way өндірістік жүйесін енгізудің бірінші кезеңі аяқталып, екінші кезеңге қадам басты. Салтанатты сәткебірлестік президенті Береке Мұхаметқалиев бастаған жобаның басқарушы комитеті қатысты.4 (1)
Алдымен қонақтар ERG Way жобасы енгізіліп, учаске кабинеттері мен жұмыс орындары адам танымастай өзгерген тау-кен өндіру цехын аралады. Бұл жерде жұмыс үрдістерін ұйымдастыру да сапалы деңгейге көтерілген.
Комитет өндірістік жүйенің екінші «толқыны» келетін автожөндеу және темір жол көлігін пайдалану учаскелерінде де болды. Ғимараттардың қазіргі жағдайымен танысып, даярлығын пысықтады.1 (2)
– Жаңа өндірістік жүйені енгізу – уақыттың талабы, – деді Береке Сағатұлы ұжыммен кездесуінде – Осындай жағдайда жұмыс істеп жатқан біз үшін ERG Way жобасы жұмысты жақсару қамындағы нақты қадам. Бірнеше айда бұл жүйе мүмкін еместің өзі мүмкін екендігін көрсетіп, өміршеңдігін дәлелдеді. Енді жарты жолда тұруға болмайды. Сіздер арқылы тек алға, жақсы өзгерістерге қадам басуымыз керек.
Екінші «толқын» аясында 600 қызметкер арнайы оқытудан өтіп, алған білімдері мен дағдыларын әрі қарай әріптестеріне таратуы тиіс.2 (1)
Қазіргі таңда ERG Way Қашармен қоса Рудный алаңын да қамтып, Өндірістік кешеннің ұсақтау учаскесіне енгізіле бастады. «Балық басынан шіриді» демекші, кеніштен келген кенді қабылдайтын бұл учаске технологиялық үрдістің басында тұр. Жыл соңында жаңа жүйе бөлімшенің басқа учаскелерін де біртіндеп қамтымақ.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓