Жарық сөніп қалды
Қаңтар айының 25-і, шамамен сағат 16-00-ден бастап қаладағы Абай көшесінің бойында жарық сөніп қалған еді. Тұрғындар осы мәселені алға тартып редакцияға хабарласты.– Әсіресе, таңертең автобус аялдамаларында қиындықтар туындайды. Бес жасар қызымды жақын маңдағы балабақшаға жеткізу үшін жарты сағаттан астам уақыт кетті. Күн тайғақ. Жол көрінбейді, – дейді Қостанай қаласының тұрғыны Сұлушаш Есенжанова.
Жағдайдың анық-қанығын Қостанай энергия орталығынан сұрадық. Осы салада жұмыс істейтін «ЭПК-forfait» құрылыс-монтаждау қызметінің маманы Дмитрий Яковенко мәселенің анықталып жатқанын айтады.
Р.S. Қостанай қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Самат Жанділдинге қоңырау шалдық. Ол: – Энергия тарату жоспарлы тәртіпте жұмыс істеуде. Қостанай энергия орталығы көпшілікті сәл шыдай тұруға шақырып отыр. Жарықты уақытша ағытуға тура келген. Көшеде техникалық қызмет жүргізіліп жатыр. Сөздеріне сенсек, жарық Абай көшесіне кешке дейін беріледі, – деді.