Сұңғат – спорт саңлағы
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз "Тәні саудың – жаны сау", – деп бекер айтпаған.
Бүгінде "Спорт – саулық кепілі" деген қанатты сөзді өмірлік қағида еткен жандар арамызда баршылық. Соның бірі – Ә.Боранбаев орта мектебінің түлегі Сұңғат Жағыпаров. "Салауатты өмір сүрудің негізгі қағидасы – еш ауруға шалдықпай, аурудың алдын алу, тұрақты түрде дене тәрбиесі жаттығуларымен шұғылдану", – деп санайды спортты айнымас серік еткен азамат. Сұңғат сегізінші сыныптан бас-тап қазақ күресі мен дзюдо үйірмесіне жазылды. Оның күреспен шұғылданып жүргеніне үш жылдан енді асса да талай асуларды бағындырып үлгіріпті. Қазақ күресінен Арқалықта Балуан Шолақтың 150 жылдығына арнап өткізілген турнирде жүл-делі 1 орынды жеңіп алды (2014 жыл), облыстық жазғы спартакиа-да аясында оқушылар арасында Қостанайда өткен жарыста тағы да бірінші орынды иеленді. 2013 жылғы спартакиадада дзю-додан екінші орынды еншіледі. – Осы жетістіктерге жетуіме бірден-бір септігін тигізген бапкерім Қайырбек Қуанышбек ағай. Ол кісінің маған денсаулық – байлықтан да қымбат, ал денсаулығың болу үшін спортпен шұғылдану маңызды" деп үнемі айтып отыратынын әсте естен шығармаймын, – дейді Сұңғат. Алдағы уақытта осы саланы қуу ойында жүргендігін де жасырмады.
Ботагөз ТЕМІРБАЙ,
"Қостанай таңының" жас тілшісі