18-ші алтын медаль!

Грекияда шеберлерлер арасында самбодан өткен әлем чемпионатында рудныйлық Анатолий Векличтің қоржыны тағы бір алтынмен толықты.zolotoj_veklich
Веклич өзінің білектілігін былтыр Хорватияның Пореч қаласында самбодан өткен әлем чемпионатында әртүрлі салмақ дәрежесі бойынша 45 медаль жиынтығын иемденген еді.  Екі апта бұрын Итальяның Ольбия қаласында дзюдо шеберлері арасында өткен әлем чемпионатынан да жүлделі оралды. Ол бұл жолы дзюдо күресіне небары 2 айдай ғана дайындалған екен.
Ал Грециядағы жарыс 20 қазанда басталған болатын. Жасы 60-тан жоғары қатысушылар арасында, 90 келі салмақ дәрежесінде А.Велич қарсылас шыдатпады. Финалда ресейлік, төрт дүркін әлем чемпионы Геннадий Федотовтың жауырынын жер иіскетті. Бұл жеңісі оған "алтын" алқа мен "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атағын алып берді. Жерлесіміздің жүлдесін есептемегенде, Қазақстан құрамасының қоржынында тағы үш алтын медаль болғанын айта кету керек.
Бозкілем бәсекесінің бірнеше түрін – еркін күрес, грек-рим, дзюдо жекпе-жектерін меңгерген ардагер осы жолы қанжығасына 18-ші алтын медальді теңгерді. Бұл күрескіштің соңғы "жоғары сынамалы" медалі емес екендігінен үмітіттенеміз!

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓