“Қуырмаштың” қуанышты күндері

Шіркін, жаз айы қандай тамаша! Әсіресе, балалар үшін жаз мезгілі ерекше. Мектепті бітіріп, сабақтан босап, еркін дем алуға, асыр салып ойнауға, балалықтың бал дәмін татуға мүмкіндік зор. Біреулері ауылға ата-әжесіне барып, қуанып, таңнан кешке дейін доп қуып ойнаса, ал басқалары жүктерін жинап, ата-аналарымен басқа қалаларға, шет елдерге шығып, тынығып қайтады.
20140623_095941қурыршақКөпшілік балалар қалада қалып, демалыстарын қызғылықты өткізуге ата-аналары жағдайларын жасайды. Өздері жұмыста болғаннан кейін, балалар бос уақыттарын алаңсыз өткізсе дей-ді. Осы тұрғыда қаламыздың ортасында №24 мектеп-гимна-зиясы жанынан құрылған "Қуырмаш" жазғы демалыс алаңы балалардың сүйікті орнына айналды. Әр уақытта жылы шыраймен қарсы алып, балалардың қауіпсіз дем алуына барлық жағдайлар қарастырылған. Демалыс алаңында таңғы сағат тоғыздан кешкі төртке дейін денені шынықтырып, түрлі ойындар ойнап, қаланың көрікті жерлеріне барып, саяхат жасайды. Оның ішінде аквапарк, саябақ, қазақ және орыс драма теат-ры, "Арман" кинотеатры, сурет галереясы, өлкетану мұражайы, Ыбырай Алтынсарин атындағы мұражай, кітапхана, қуыршақ театры және басқа да демалыс орындары балаларға зор қуа-ныш сыйлады. Әсіресе, Ыбырай Алтынсарин атындағы кітапхананың орны ерекше екенін айтып кеткен жөн. Кітапхананың танымдық ойын бағдарламалары оқушылардың қызығушылығын арттырып, кітапқа деген сүйіс-пеншілігін тудырады. Қандай бағдарлама болсын сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өз ойларын толық жеткізуге ат салысады. Жақсылық пен жамандық, әдептілік туралы ойларын ортаға салып, тәрбиелік жұмыстар жүргізеді. Қолөнер бөлімінде әртүрлі қағазбен жұмыс түрлерін жасатып, балалардың қол икемділіктерін жетілдіруге қиялдарын дамытуға мүмкіндік жасайды және де балаларымыз Ы.Алтынсарин кітапханасына барғанды өте жақсы көреді. Білім ордасындағы "Қуырмаш" жазғы демалыс алаңында білікті ұстаз Маржангүл Жақсымбетова жетекшілік етеді. Демалыс алаңында "Арай", "Жалын", "Жұлдызай", "Жұлдыз" топтары құрылған. Әр топтың өзінің топ аты, ұраны, әнұраны, топ басшысы бар. Балалардың денсаулығына осы мектептің медициналық қызметкері Рәзия Омарбекова бақылау жасап, қадағалап отырады. Фитотерапия, витаминотерапия, сонымен қатар нүктелік жаттығуларға көңіл бөледі. Күнкөрісі төмен отбасылар балаларына қолдау көрсетіліп, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Біз ата-аналар атынан осы мектептің ұжымына, тәрбиешілерге, мектеп басшысы Кәрімова Сәуле Елеусізқызына шексіз алғысымызды білдіреміз. Мектеп жанындағы "Қуырмаш" демалыс алаңы әрі қарай жетіліп, өсіп-өркендеуіне сәттілік тілейміз! "Арай" тобының ата-аналары атынан Алшимовтар отбасы.
СУРЕТТЕРДЕ: тәрбиеші Қанағат Ермекова және топтағы бүлдіршіндер.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓