“Тобылда” ауыс-түйіс
Қостанайлық «Тобыл» футбол клубының сапында өнер көрсетіп жүрген Литва құрамасының ойыншылары Арунас Климавичюс және Дейвидас Матулевичюс командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz Климавичюс «Тобыл» қатарына өткен қыста келіп қосылған. Алайда, басқа спортшылармен келіссөз жүргізілуде, соған байланысты футболшының кетуі мүмкін. Осыған дейін «Жетісу», «Ақтөбе» сияқты командалардың намысын қорғап келген Арунас биыл 33 жасқа толады. Бұл – футболшымен қоштасудың негізгі факторы.
Ал, Дейвидас Матулевичюс болса қостанайлық бапкерлердің көңілінен шықпады. Литва құрамасының шабуылшысы румыниялық «Пандурия» командасынан ауысып келген. Қостанайлық команаданың сапында 13 рет алаңға шығып, нәтижелі ойын көрсете алмады. Сүреңсіз ойын командадан кетуіне басты себеп болып отыр.
Кенже ҚОНЫСБАЙ