Кейуананы өлімнен аман алып қалды
Сарыкөл-Қостанай бағытындағы қоғамдық көлікте жолаушы жігіт қарт кісінің өмірін аман алып қалды.
Бұл туралы «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің қолданушысы Алексей Марков «Типичный Костанай» паблигінде жариялаған.
Автобус ішінде кейуананың жүрегі сыр беріп, талып қалған. Қасындағы кішкене қызы қорыққанынан айғайлап жіберген. Жүргізушінің дәрі-дәрмек қобдишасында тек дәкеден басқа керек-жарақ болмаған.Сол мезетте жолаушылардың ішінен белгісіз бір азамат көмекке ұмтылады. Ол әйелдің аяқ-қолын уқалап, жасанды тыныс алдырған. Көпшіліктің көзінше бір адамның тағдырын аман алып қалды.
Артынша ол азаматтың есімі Владимир Ермаков, сонымен қатар, әскери қызметкер екені белгілі болған.
Кенже Қонысбай