Тәуелсіздік тарихы – фотошылар көзімен

Бүгін облыс орталығындағы картина галереясында  Елбасы Н.Назарбаевқа арналған "Мемелекет негізін қалаушы: жасампаздыққа – 25 жыл" фотокөрмесінің ашылуы болды. Көрмеге қостанайлық тоғыз автордың Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 32 суреті қойылған. IMG_1374Жұмыстардың әрқайсысы – Тәуелсіз мемлекет тарихының үзік сәттері. Елбасының Қостанай облысына әр жылдары жасаған іссапарлары мен қостанайлықтардың өміріндегі ерекше мәні бар мезеттер бейнеленген. IMG_3641
IMG_1367
IMG_1362
IMG_1365Айта кету керек, сыршыл суреттердің авторлары – жергілікті баспасөз қызметкерлері. Арасында "Қостанай таңы" облыстық газетінің фототілшісі, әріптесіміз Бағдат Ахметбеков те бар. Үздік кадр иелерінің жұмыстарын тамашалауға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жанділдә Мақанов, "Қостанай таңы" газетінің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков, "Костанайские новости" газетінің бас редакторы Сергей Харченко және Қостанай қаласының құрметті азаматы Кенжебек Үкин бастаған зиялы қауым өкілдері арнайы келді. Олар шараға қатысқан ЖОО студенттерін, қала тұрғындары мен қонақтарын – жалпы көрерменді фотокөрменің ашылуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. 
IMG_1350
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓