70 мемлекет ресми түрде «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын растады

     22 қаңтар 2016 жылы Сыртқы істер ҚР СІМ ғимаратында Сыртқы істер Министрінің Бірінші орынбасары, «ЭКСПО-2017» көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаев Латвия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юрийс Погребнякс мырзамен кездесті.
Тараптар «жасыл энергетика» саласында одан әрі ынтымақтасудың келешегі жөнінде пікірлерімен алмасып, Латвияның астаналық көрмеге қатысуының мәселелерін талқылады.22-01-2016_a1
     Р.Жошыбаев Қазақстанның көрмеге дайындық шеңберіндегі атқарылып жатқан жұмысы туралы хабарлап, латвиялық тараптың «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы Қазақстан мен Латвия арасындағы ынтымақтастықтың күшеюіне жаңа серпін беретінін атап өтті.
     Өз тарапынан Ю. Погребнякс мырза Латвия Үкіметінің «ЭКСПО-2017» көрмесіне ресми түрде қатысатындығын растайтын нотаны табыстады. Погребнякс мырза айтып өткендей, Латвия Республикасы Халықаралық көрме бюросына мүше емес елдердің қатарында және бірнеше рет ЭКСПО көрмесінің қатысушысы болған. «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуының растауы, Латвияның Қазақстанға деген жоғары қызығушылығын және ерекше достық қатынастарын көрсетеді.
      Латвия 2020 жылға дейін ең «жасыл» мемлекет болуға ұмтылыс жасап отырған елдердің бірі және кездесу барысында Қазақстанмен «жасыл энергетика» саласында ынтымақтасуға дайын екеніне ниет білдірді. Латвия ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жасыл көпір» бағдарламасы даярлау бастамасын қолдаған алғашқы мемлекеттердің бірі және осы бағдарлама бойынша Хартияға қол қойды. Латвияның жаңартылатың энергия көздері бойынша тұтыну үлесі бойынша соңғы көрсеткіш 37,1% құрап, Еуро Одақ шеңберінде Швециядан (52,1) кейінгі ең жоғары көрсеткіш көрсетті.
     Бүгінгі күні Латвия 70-ші мемлекет болып ресми түрде «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын растады.
22-01-2016_a2

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓