Академиядағы салтанат

Облысымыздағы Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясында қазақстандық полиция күніне арналған салтанатты іс-шара болып өтті.
IMG_7870
Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясының бастығы, полиция полковнигі М.Қызылов профессорлық-оқытушылар құрамын және жеке құрамды, ардагерлерді қазақстандық полиция күнімен құттықтап, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Қ.Қасымовтың құттықтауын жеткізді. Іс-шара барысында академияның ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Болотских, әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Д.Ким, отставкадағы полиция полковнигі Т.Зюбанова сөз сөйлеп, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Оқу орнының баспасөз қызметінің хатшысы О. Уақбаеваның айтуынша, мерекелік іс-шарада қызметтік міндеттерін адал атқарып, бірқатар жетістіктерге жеткен бір топ академия қызметкерлері ҚР ІІМ "ІІО мінсіз қызметі үшін" І-II-III дәрежелі медальдарымен, арнайы "полиция подполковнигі" атағымен, сонымен қатар академия бастығының грамотасымен, алғыс хаттарымен марапатталды.
СУРЕТТЕ: іс-шарадан көрініс.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓