Полицейлер кәсіби мерекесін атап өтті
23 маусым күні облыстық ішкі істер департаментінде жеке құрамды ОІІД бастығы полицияның генерал-майоры Тілеген Мәткенов кәсіби мерекемен құттықтады.
Қазақстан полициясы күніне орай үздік қызметкерлер марапатталып, полицияның жұмысы туралы фильмнің тұсаукесері болды. Өзінің қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, көзге түскен 200-ден астам полицей марапатталды. Облыс әкімі Нұралы Садуақасовтың атынан Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары тапсырылды. Полицейлерді құттықтауға басқа да құқық қорғау органдарының және мемлекеттік мекемелердің басшылары келді. Қалыптасқан дәстүр бойынша басқосуға жиналғандар қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерді үнсіздікпен еске алды. Ұлы Отан соғысы және ішкі істер органдары ардагерлері де назардан тыс қалған жоқ. Жақында өткен көркемөнерпаздар байқауында қызметкерлері көзге түскен аудандық ішкі істер органдары бастықтарына ескерткіш сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ кәсіби мерекеде "Леди в погонах – 2014" конкурсының қорытындысы шығарылды. Қостанай қаласы ІІБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы полиция лейтенанты Г.Шаяхметова жеңімпаз деп танылды. Салтанатты іс-шара тәртіп сақшылары ұйымдастырған мерекелік концертпен аяқталды. Осы күні полицейлер қазақ драма театрында болды.
Мнауара ҚАБДРАХМЕТОВА
СУРЕТТЕ:марапаттау сәтінен көрініс.