Тобыл төріндегі Сабантой

Қостанайда татар ұлтының "Сабантой" мейрамы кең көлемде аталып өтті. Қостанайлықтар бұл жолы да ауызбіршілік танытып, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған саябақта бас қосты. Олар әсем ән мен тәтті күйге куә болып, ұлттық тағамдардан ауыз тиді.uDxBYl5cl90Pu_gUUqvVUYСондай-ақ, қонақтарды ағайынды Яушевтар мерекемен құттықтады.
Қостанайда тарихи маңызы бар көптеген ғимараттар салынған. Олардың бірі – ағайынды Яушевтардың пассажы. Бұл – татар-князьдік өкілдерінен қалған және бүгінге дейін сақталған мұра, облыс орталығының игілігі болып саналатын нысан биыл өзінің 140 жылдық мерейтойын атап өтеді.YcUWzn3om3w
Татарстаннан келген кеш қонағы, ауыл шаруашылығы министрі Марат Ахметов қостанайлықтарға мемлекет басшысының құттықтау сәлемін жолдады.
"Қостанай облысында 16 мың татар және 4 мың башқұрт тұрады. Сабантой – тартар халықтарының өкілдері үшін ғана емес, барлық адам үшін де көптен күткен мерекелердің бірі", – деді  облыстық достық үйінің баспасөз хатшысы Дарья Щербакова.
Шара барысында белбеу, дәстүрлі күрес, балаларға арналған әзіл-сықақ жарысы және чак-чак бастаған тәтті тағамдар көрмесі өтті. Сонымен қатар, алғыс ретінде ҚХА басшылығы құрметті қонақтарға сыйлықтар табыс етті.s4NrTUBkQcE"Біз бұл мейрамды ұзақ күттік, сондықтан асқан дайындықпен келдік. Кез келген тәуелсіз мемлекеттің дамуында этносаралық келісім мен халық бірлігі мәселелері басым мәнге ие. Біз мұнда достық, бейбітшілік пен келісімнің бағасын түсінетін аға буын өкілдерін көргеніме қуаныштымыз. Татарстан астанасынан келген қонақтарды көріп қатты қуандым. Осындай мүмкіндік сыйлаған қазақ еліне мың алғыс",- деп атап өтті облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Бибігүл Аққожина.kqi7pnhXWg8
74LXp6Ztnv0Іс-шарада табиғат бай өнім берсін деген наныммен ойналатын жұмыртқаны жерге қазу, сондай-ақ қаппен жүгіру сияқты өздерінің  ұлттық ойындарымен  жалғасты. Биыл бірінші рет Сабантой аясында ұлттық күрес бойынша "Куряш" облыстық турнирі өтті. Аса ауыр салмақ дәрежесіндегі жарыста басты жүлдеге қой берілді.
 
Әсел ҚИБАШ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓