“Дөңгелек үстел” өткізілді
Мемлекеттiк қызметшi күнін атап өту шегінде Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде аппарат басшылары мен қызметшілерінің, "Қостанай облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ, "Қостанай облысының ТЖД Суда-құтқару қызметі" ММ, "Нұр Отан" партиясының Қостанай облыстық филиалы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агент-тігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен Мемлекеттiк қызмет-шiлерiнiң ар-намыс кодексi" тақырыбына "дөңгелек үстел" өткізілді.
"Дөңгелек үстел" өткізу барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшi-лерiнiң ар-намыс кодексiнің талаптарын сақтау мәселелері, сондай-ақ жоғарыда аталған нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. "Дөңгелек үстел" аяқталғаннан кейін Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті және оған ведомстволық бағынасты мекемелерінің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қыз-метшiлерiнiң ар-намыс кодексi, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау бойынша алдын алу іс-шаралары өткізу жөнінде шешім қабылданды.
Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметі.