Спорт шебері атанды
Сарыкөл ауданында саңлақ спортшылар көп. Солардың қатары тағы да толықты.
14-17 қаңтар аралығында Тараз қаласында грек-рим және еркін күрестен әйелдер арасында өткен Қазақстан Чемпионатында 55 келі салмақта сарыкөлдік Марина Седнева жеңімпаз атанып, ҚР Спорт шебері атағын иеленді.
Сондай-ақ, өткен аптада Қостанай қаласында еркін күрстен өткен облыстық Чемпионатта 65 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз Еркен Исмагуловтың бағы жанып, спорт шеберіне кандидат нормативін орындады.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.