Үш мереке тоғысындағы той

Биыл Ел Тәуелсізідігне ширек ғасыр толып отыр. Сондай-ақ, ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің туғанына 175 жыл және Қостанай облысына – 80 жыл. Осыған орай аудан әкімдігінің бастамасымен мәдени көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, сырттан арнайы мәртебелі меймандар шақырылды. Алдымен, шара басы ағартушы Ы.Алтынсариннің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Содан кейін Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Аудан әкімі шақырылған меймандарды таныстырды. Олардың қатарында “Қазақтелеком” АҚ Қостанай облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры Қажымұрат Темірханов пен халықаралық “Қазақстан-Заман” газетінің Қостанай өңіріндегі тілшісі Қыдырбек Қиысқан бар.гул
Салтанатты жиында аудан әкімі Асқарбек Кенжеғарин Қостанай облысының 80 жылдығы мен Ы.Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойына арнаған баяндамасында облыстың кешегі және бүгінгі тарихын парақтап, жеткен жетістіктерін тілге тиек етті. Сонымен қатар, астықты өлкенің ұлан-ғайыр жерінде тек қана егін шаруашылығы емес асыл тұқымды мал шаруашылығы кеңінен дамып келе жатқандығын қуанышпен жеткізді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қолдауымен ауданымыздағы бірқатар білім ошақтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін сөзіне арқау етті. 80 жылдық тарихы бар облыстың жер көлемі Қазақстан бойынша алдыңғы қатарда екен. Аудан басшысының баяндамасында ең басты қамтылған тақрыптардың бірі осы болды. Ы.Алтынсариннің өмір деректеріне шолу жасап, мектеп ашу жолындағы елеулі еңбектеріне тоқталды. Қажымұрат Жұмабекұлына “Жангелдин ауданның құрметті азаматы” деген атағын салтанатты түрде табыс етті.какимжан
Ауданымыздың “Құрметті азаматы”, Қостанай облысының 80 жылдығына арналған медальдің иегері Кәкімжан Карбозов “Туған өлке – қазыналы Қостанай” тақырыбында әңгіме өрбітті. “Ы.Алтынсарин мектебі: кеше және бүгін” бұл жөнінде ұлы ұстаздың есімімен аталатын мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ләззат Мәженова баяндады. Торғай мұражайлар кешеннің директоры Гүлбану Сәрсекеева “Ыбырай мұраларын жас ұрпаққа насихаттау” барысындағы жоспарлы жұмыстарының мақсатымен таныстырып, алдағы уақытта тарихы мұраларды өскелең ұрпақтың санасына сіңіре беретіндігін айтты. Ал аудан жастарының атынан сөз алған қазақтелеком қызметкері Нариман Айтбай үш мереке тоғысындағы мерейлі сәтті өрелі ойымен өрбітіп, Қажымұрат Жұмабекұлын алған атағымен құттықтады. Аудандық қазақтелекомның басшысы Естай Оспанов құрметті азамат иесінің иығына жапан жауып, “Құрмет грамотсын” табыстады. 
Айтпақшы, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан үшін аудандық “Біздің Торғай” газетінің тілшісі Б.Ахметбеков, коммуналдық-шаруашылық кәсіпорын инженері Руслан Жөкешбаев, М.Дулатов атындағы орта мектебінің мұғалімі Бақыткүл Әлімова, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Мереке Досжанов аудан әкімінің алғыс хаттарын алды.бокалСалатантты жиын соңы “Әнім сенсің, жырым сенсің, Қостанай” атты аймақтық ән байқауына сабақтасты. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданынан және өзіміздің Жанкелдин, Аманкелді, Денисов, Қамысты, Алтынсарин аудандары мен Қостанай, Арқалық қалаларынан республика көлеміне танымал күміс көмей әншілер бақ сынады. Талап бойынша байқауға қатысқан 14 үміткер бір халық әнін және Қостанай туралы бір ән шырқау керек-тін. Аманкелділік Фариза Жоламанова, Алтынсарин ауданының әншісі Гүлбақыт Жаңбырбай үміт үдесінен шықты. Ырғыз ауданының әншісі Бауыржан Нұрлыбайдың мінсіз талабына шек жоқ. Қазылар алқасының шешімімен ырғыздық әнші жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Сонымен екінші орынды алтынсариндік Гүлбақыт Жаңбырбай иеленді. Амангелді ауданының талғампаз әншісі Ақтоты Сәдуақас пен жерлесіміз Асхат Шыңғысов үшінші орынды теңдей бөлісті. Қалған он үміткер өздеріне лайықты аталым бойынша марапатталды. Бірінші орынның жүлдесін аудан басшысы табыстады. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дастан Әбжамалов 2,3 орындарды және ынталандыру сыйлықтарын тапсырды. катын Айтулы мерекелердің легі жылдың аяғына дейін жалғасады. Келер жылы алаш қозғалысының 100 жылдық тарихи тойы біздің ауданда кең көлемде тойланады деп жоспарланып отыр.
 
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ,
Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓