Үш күнде 150-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды

Қостанай облысы құтқарушыларының өткен жұма, сенбі, жексенбі күндері бел жазбай жұмыс істеулеріне тура келді. Күрт құбылған ауа райы тас жол үстіндегі жолаушыларды әбден састырды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері осы үш күн ішінде 150-ден астам адамға жәрдем жасаған.SAM_5505
15 қаңтар күні кеш мезгілдерінде төрт адам күртік қар құрсауынан құтқарылды. Олар Таран-Рудный автожолында Тойота көлігімен тұралап қалған. Келесі күні кешке құтқарушылар тағы да төрт адамды Науырзым ауданындағы Қарамеңді-Өленді жолы бойынан ақтүтектен арашалады. Сол күні-ақ Алтынсарин ауданындағы Большой Чураков селосынан 8 шақырым жерде 13 адамға көмек көрсетілді. Ол маңда бес көлік тоқтап қалған. Бұл мезгілде Қарасу ауданындағы Қостанай-Әулиекөл-Сұрған жолының 120 шақырымында құтқарушылар «Қазақавтожол» қызметкерлерімен бірлесіп, боран бұғатынан, қар құрсауынан 10 көлік және 12 адамды босатты. Олардың бесеуі – балалар.SAM_5510
Сарыкөл тас жолында Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы  Қостанай-Қарасу тас жолында Щербаков және Силантьев ауылдары арасынан қар көшкінінде батып қалған ВАЗ-2107 көлігінен үш адамды Силантьев ауылына жеткізді. Сонымен қатар Аннов ауылы маңында батып қалған екі автокөлік сүйреп шығарылды. Бұл көліктерде 7 адам болған, үшеуі – балалар. Қайтар жолда, омбылап қалған тағы 4 темір тұлпарға «қамшы басып» жіберуге тура келген.SAM_5506
Құтқарушылар жексенбі күні де тыным тапқан жоқ. Алғашқы дабыл Владимиров және Воробьев ауылдарынан түсті. Қос ауыл арасындағы жолда екі адам боран масағында қалып қойған. Олар Қостанайға жеткізілді. SAM_5508Құтқарушылар жолай екі автокөлікті тіркеуге алды. Бұл уақытта жедел көмек жасағы Арқалық-Торғай  тас жолының 36 шақырымында жол жиегіне ауып құлаған Тойота-Карина көлігін сүйреп шығарды. Машина ішінде 5 адам болған. Олардың біреуі – жасқа жетпеген нәресте. Барлық құтқарылғандар зардаптан дін-аман.SAM_5502
Айтпақшы, қыс басталғалы тек бір жарым ай ішінде құтқарушылар 29 рет жолға шыққан.  181 көлік құтқарылып, 408 адам табиғат төндірген апаттан арашаланды, олардың ішінде 18 бала болған.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓