Президент тапсырған міндеттерді жүзеге асырамыз

Елбасының Қазақстан халқына жаңа Жолдауы соңғы уақыттағы маңызды оқиғалардың бірі, дейді «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ президенті Мұхамеджан Турдахунов.
тттт«Жолдау аясында 5 жылға жоспарланған инфрақұрылымды дамыту жоспарының негізгі бағыттары айтылды. Ол ҮИИД бағдарламасының екінші бесжылдығына сәйкес келеді. Бұл шараларды іске асыру Қазақстанның дағдарыстан сәтті өтуіне сеп болады», – деп санайды М.Турдахунов.
Сондай-ақ ол «ССКӨБ» АҚ ұжымы индустрияландыру бағдарламасының белсенді қатысушысы екенін және ел экономикасының дамуына үлесін қосып отырғанын атап өтті. Кәсіпорын биыл өзінің 60 жылдығын атап өтті, ал ССКӨБ құрамына енетін Еуразиялық топ 20 жылдығын атап өтеді. 
«Тау-кен өндірісінің алыбы дамып келеді және ол 18 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыған. Алдағы уақытта «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауындағы тапсырмаларды орындау үшін жұмыс істейтін боламыз. Екінші бесжылдық кезеңіндегі кәсіпорынның негізгі қондырғыларды қалпына келтіру, инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру, өнім сапасын жақсарту, бірлестіктің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту сынды жоспарлары бар», – деді кен-байыту өндірісінің басшысы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓